ТЕГІН АВТОБУС ТУРЫ
Шымкент - Түркістан
2023 жылғы 7 қазаннан бастап «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен Turkistan Travel Fest аясында Шымкент қаласынан Түркістан қаласына тегін автобус туры ұйымдастырылады.
Апта сайын
Әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері автобус Шымкент қаласынан Түркістан қаласына барып, кешкі уақытта Шымкентке қайтады
Отырар - Арыстан баб
Тур аясында Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қаласына тегін кіре аласыз

*тур экскурсиялық қызметтерді қамтымайды
Бағдарлама
1
09:00
Шымкент қаласындағы жиналу пунктінен автобуспен шығу
2
11:30-13:30
Арыстан баб кесенесі мен Отырар көне қалашығын аралау
3
13:30
Арыстан баб кесенесі мен Отырар көне қалашығынан кету
4
15:00
Түркістан қаласындағы жиналу пунктіне келу
Түркістандағы қызықты экскурсиялар!
5
19:00
Түркістан қаласындағы жиналу пунктінен шығу
6
22:00
Шымкент қаласындағы жиналу пунктіне келу. Турдың аяқталуы
*Қосымша ақыға Түркістан қаласында экскурсиялық қызмет ала аласыз
Жиналу орыны

Картаны ашу үшін батырманы басыңыз

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
• Өзіңізбен бірге сэндвич, бутерброд, жеміс сияқты жеңіл тағамдар алуды ұсынамыз, өйткені таңертең жолға шыққаннан тек сағат 15:00-ден кейін ғана түскі ас ішетін мүмкіндік болады. Біз өз тарапымыздан автобуста сіздерге тек 0,5 л. су ұсынамыз.
• Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды жауып тұратын, желден/ жауыннан қорғайтын киім, сондай-ақ ұзақ серуендеуге ыңғайлы аяқ киім: кроссовкалар, бәтеңке алуды ұсынамыз
• Міндетті түрде бас киім киіңіз
• Күннен қорғайтын крем қолдануды ұсынамыз
• Тур барысында өзіңізді нашар сезінсеңіз, дереу гидке хабарлаңыз
• Кесенелерге барған кезде:
- қысқа киім кимеңіз
- әйелдерге орамал тағу ұсынылады
- қалауыңыз бойынша садақа қалдыра аласыз, сол үшін өзіңізбен аз мөлшерде қолма-қол ақша алыңыз
- кесенелердің ішінде фото және бейне түсірілімдер рұқсат етілмеуі мүмкін
Тағы да қызықты экскурсиялар!
Түркістанда уақытыңызды пайдалы өткізу үшін Коне Түркістандағы Әзірет Сұлтан қорық-музейіне қосымша тарихи экскурсияға жазылыңыз.
Автобус турына қатысушыларына жеңілдік – 6500 теңге орнына 4000 теңге
+7 778 003 04 53
info@goturkistan.com
Фотографии использованы для демонстрации возможностей шаблона сайта, пожалуйста, не используйте их в коммерческих целях.